Текст
4-маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Осыған орай «Балауса» ересек тобында тәрбиеші Джанболатова У.А. ұйымдастыруымен тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – балаларға Ту, Елтаңба, Әнұран туралы мағлұмат бере отырып, рәміздердің маңызын түсіндіру, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Балалар рәміздер жайлы тақпақтар айтып, ән шырқап, өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, ел болашағына деген сенімді нығайтады.
«Балауса» тобының тәрбиеленушілері мен тәрбиешісі мерекелік күнді әсерлі өткізді.