Текст
4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұранның ресми түрде қабылданғанына құрмет көрсетіледі. Бұл күн – халқымыздың егемендігі мен тәуелсіздігінің белгісі, Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі.
«Айналайын» мектепалды тобы бұл күнді патриоттық рухпен атап өтті. Балалар рәміздердің маңыздылығы туралы білім алып, әнұранды орындап, ту мен елтаңба бейнесін жасады. Бұл іс-шара балалардың бойында елге деген мақтаныш сезімін қалыптастырып, тәрбиелік мәні зор тәрбие берді.