Текст
4 маусым – еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны ресми түрде қабылданған маңызды күн. Бұл күн Тәуелсіз Қазақстанның егемендігі мен бірлігінің белгісі болып саналады.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың тарихы мен мәдениетін, арман-мұратын бейнелейді:
- Ту – бейбіт аспан, алтын күн мен қыран құс – еркіндік пен тыныштықтың белгісі.
- Елтаңба – бірлік пен еңбектің, молшылық пен болашақтың нышаны.
- Әнұран – Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныштың үні.
«Балапан» тобында балалар елін сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйренеді. Балалар бұл күнді сурет салу, өлең айту, тақпақ жаттау арқылы атап өтеді.
Біз өз Отанымызды және оның рәміздерін мақтан тұтамыз!