Текст
Мектепалды даярлық тобын аяқтаған "Айналайын" тобының балалары үшін бүгін ерекше күн! Олар балабақшамен қоштасып, жаңа – мектептік кезеңге қадам басқалы отыр.
Түлектерге арналып ұйымдастырылған салтанатты шара көңілді әндермен, әсем билермен, әсерлі өлеңдермен өрнектелді. Балалар өз өнерлерін ортаға салып, ата-аналар мен қонақтарға керемет көңіл-күй сыйлады.
Біз бүгінгі балдырғандарға жарқын болашақ, ашық аспан тілейміз! Жолдарың ашық болсын, "2025 жылғы түлектер!"
Тәрбиешілер мен барлық ұжымға алғысымыз шексіз! 🌟