"Burabai Invest Co" жауапкершілігі шектеулі серіктестігірны
Товарищество с ограниченной ответственностью «Burabai Invest CO»

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Айналайын" мектепалды тобы – "Балалықтан болашаққа" атты қоштасу кеші

29.05.2025

"Балалықтан болашаққа" атты әсерлі әрі толғанысты кешімізде "Айналайын" мектепалды тобы бөбекжаймен қоштасты. Бұл – балалықтың жарқын сәттерімен, тәтті естеліктермен толы жүрек тебірентерлік кеш болды.

Кештің ерекше сәті – "Әкесі мен қызы" атты алғашқы вальс. Әкелер мен қыздары нәзік әуен ырғағымен билеп, көрермендердің көңілін толқытты. Бұл сәтте көзге жас алған ата-аналар да, тәрбиешілер де – баланың өсу жолын, алғашқы қадамдарын еске түсірді.

**Қызғалдағым нәзігім, қызым менің,  
Ақ ұлпадай әдемі, жүзің сенің.  
Жаратқаным сыйлаған асылымсың,  
Қызыл гүлім сенсің деп түсінгенмін.**

Мұндай жыр жолдары – әрбір ата-ананың жүрегінің сыры. Қоштасу кеші болашаққа үлкен қадам жасап бара жатқан бүлдіршіндер үшін ұмытылмас сәттердің біріне айналды.

Тәрбиеші: Дулатова Жанна Шыныбекқызына балалардың бойына сіңірген мейірімі мен білімі үшін алғысымыз шексіз!

Просмотров: 14

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст