15 мамырда елімізде ерекше маңызды мереке — Отбасы күні атап өтіледі. Бұл күн — отбасының қоғамдағы маңыздылығын атап өту, сондай-ақ, әрбір жанұяға сыйластық, сүйіспеншілік және үйлесімділік тілеудің күні. Отбасы — бұл әр адамның өміріндегі ең басты құндылық, бақыт пен тыныштықтың қайнар көзі.
"Айналайын" мектепалды тобы осындай мереке қарсаңында балалармен және ата-аналармен бірге бірегей іс-шара ұйымдастырып, «Отбасы — менің қуанышым» тақырыбында іс-шаралар өткізді. Балалар өздерінің ең жақын адамдары туралы өлеңдер айтып, түрлі шығармашылық жұмыстарды орындады. Бұл іс-шара олардың отбасына деген сүйіспеншілігін, жанұяға деген құрметін арттырды.
Отбасы — бұл өмірдің ең асыл қазынасы, ал осы мереке оны ерекше бағалап, оның маңыздылығын тағы бір рет ұғынуға мүмкіндік береді. Біз отбасымыздың мықты әрі бақытты болғанын тілейміз!
Барша отбасы мүшелеріне бейбітшілік, тыныштық, қуаныш, және әрбір күндеріңізде бақыт болсын!
❤️ "Айналайын" мектепалды тобы ❤️