"Burabai Invest Co" жауапкершілігі шектеулі серіктестігірны
Товарищество с ограниченной ответственностью «Burabai Invest CO»

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлы Жеңіс күні – ұрпақтар сабақтастығының символы

09.05.2025

Ұлы Жеңіс күні – бұл ұлттың жадында мәңгі сақталатын, уақыт билік ете алмайтын оқиғалардың бірі. Бұл күнде біз Отан үшін жанын қиған, бейбіт өмір сыйлаған батырларды еске аламыз.

Осы ұлы мереке қарсаңында «Нұрай» бөбекжай-балабақшасының мектепалды «Балапан» тобында патриоттық тақырыптағы салтанатты ертеңгілік өтті. Іс-шара бір минут үнсіздікпен басталып, балалар соғыс жылдарындағы әндер мен билерді орындап, бейбітшілік пен достық туралы өлеңдер оқыды.

Елена Анатольевна жетекшілігімен өткізілген бұл шара балалардың бойында патриоттық сезім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды. Мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақты елінің тарихын құрметтейтін, Отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеуге ықпал етеді.

Ұлы Жеңіс күні – бұл тек өткенді еске алу ғана емес, сонымен қатар болашақ ұрпаққа бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру.

Просмотров: 140


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст