Текст
9 мамыр қарсаңында «Сәулетай» тобында Жеңіс күніне арналған әсерлі ертеңгілік өтті. Балалар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне деген құрметтерін өлеңдер, әндер мен билер арқылы білдірді.
Тәрбиеші Брозе Надежда Евгеньевна мен музыка жетекшісі Искакова Альбина Талгатовнаның жетекшілігімен балалар патриоттық бағдарламаны дайындады. Іс-шара балаларда Отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді және батырларға деген құрметті қалыптастыруға бағытталды.