Текст
«Балақай» ересек тобында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты ертеңгілік өтті. Тәрбиешілер Кузьменко М.К., Соловьёва М.Е. және музыкалық жетекші Искакова А.Т. басшылығымен балалар өлеңдер, әндер мен билерден тұратын мазмұнды бағдарлама дайындап, Отан қорғаушыларға деген құрмет пен батырлардың ерліктеріне деген мақтаныштарын көрсетті.
Іс-шара балаларда патриоттық сезімді, Қазақстан армиясына деген құрметті, Отанға деген сүйіспеншілікті және бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығын түсінуді қалыптастырды. Балалар 9 мамыр мерекесінің мән-маңызын түсініп, бізге бейбіт аспан сыйлаған батырлардың рухына тағзым етті.