Текст
"Сәулетай" ортаңғы тобында балалардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен ұлттық мақтаныш сезімін оятуға арналған мерекелік ертеңгілік өтті. Тәрбиеші Брозе Надежда Евгеньевна мен музыка жетекшісі Искакова Альбина Талгатовнаның жетекшілігімен балалар Отанға арналған өлеңдер, әндер мен билер орындады.
"Қазақстаным, гүлдене бер..." атты өлең жолдарына негізделген бұл кеш кішкентай бүлдіршіндердің туған жерге деген ыстық ықыласының айғағы болды. Іс-шара балалардың бойында патриоттық сезім, туған елдің мәдениетіне деген құрмет пен тарихына қызығушылықты қалыптастырды.