1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара аясында «Балдәурен» ересек тобының қыздары өзбек халқының дәстүрлі «Nozli Gulim» биін орындады. Бұл би – нәзіктік пен сұлулықтың символы, өзбек мәдениетінің көркем көрінісі болып табылады.
Тәрбиеші Камалова Амина Ханифовна мен музыкалық жетекші Искакова Альбина Талгатовнаның жетекшілігімен дайындалған бұл өнер туындысы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырды. Қыздардың үйлесімді қимылдары мен әсем киімдері көрермендердің көңілінен шығып, мерекелік шараның көркін ашты.
Мұндай іс-шаралар балалардың әртүрлі халықтардың мәдениетін құрметтеуге, достық пен бірлікке тәрбиелеуге ықпал етеді. «Nozli Gulim» биі арқылы «Балдәурен» тобының қыздары көпұлтты Қазақстанның мәдени байлығын тағы бір мәрте паш етті.