Текст
Мамыр айының келуімен табиғат оянып, айнала жасыл кілемге оранады. Алатау тауының басына ақ шәлі оранып, мойнына гүлден алқа тағылғандай көрінеді. Бұл мезгілде көңіл күйіміз де көтеріліп, жыр мен күйге толы болады.
«Балауса» ортаңғы тобының тәрбиеленушілері мамыр айының сұлулығын, табиғаттың оянуын және адамзаттың ынтымағын жырлаған өлеңдерді оқып, ән айтып, би билеп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, ата-аналар мен тәрбиешілердің көңілінен шықты.
Мақсаты:
- Балаларға табиғаттың әсемдігін сезіндіру;
- Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру;
- Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиеші: Шайкенова А.