"Burabai Invest Co" жауапкершілігі шектеулі серіктестігірны
Товарищество с ограниченной ответственностью «Burabai Invest CO»

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ертеңгілік «Көбелек» мектепалды тобында

01.05.2025

 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні еліміздегі әрбір ұлттың достығын, бірлігін және ынтымақтастығын көрсететін маңызды мереке. Бұл күн әр халықтың мәдениетіне, тіліне, дәстүрлеріне құрмет көрсетіп, ұлттар арасындағы татулықты нығайтуға бағытталған.

Бүгін «Көбелек» мектепалды тобында осы маңызды күнге орай ертеңгілік өткізілді. Балалар бірлесе отырып, Қазақстан халқының барлық мәдениеттерін атап, өзара достық пен сыйластықты сақтаудың маңыздылығын түсінді. Олар Қазақстанның әртүрлі ұлттары мен этностарын біріктіруші күш екенін көрсетті.

Мақсаты: Балаларға Қазақстан халқының бірлігі күнін түсіндіру, достық пен ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсету.

Міндеттері:
- Қазақстан халқының бірлігін құрметтеу;
- Ұлттар арасындағы достықты нығайту;
- Әртүрлі мәдениеттерді тану;
- Балаларда ұлттардың теңдігін, бірлігін, өзара құрмет пен ынтымақтастықты дамыту.

Балалар мерекелік іс-шара барысында ән айтып, би билеп, өздерінің достық сезімдерін білдірді.
Тәрбиеші: Бейсенбаева Д.С.  
Музыкалық жетекшісі: Искакова А.Т

Просмотров: 154

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст