"Ботақан" тобында 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған іс-шара өтті. Бұл мереке елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің достығын, татулығын және бір-біріне деген құрметін білдіреді.
Іс-шараның мақсаты — балалар мен ата-аналар арасында достық қарым-қатынастарды қалыптастыру, бір-біріне көмектесуді, адамдар арасындағы сыйластықты бағалауды үйрету. Сондай-ақ, балаларға түрлі ұлт өкілдеріне құрметпен қарауды, Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениеті мен дәстүрлеріне қызығушылықты ояту маңызды болды.
Балалар іс-шараға белсене қатысып, қазақ елі мен Қазақстандағы басқа ұлттар туралы әңгімелесті, Қазақстанда татулықта өмір сүретін әртүрлі халықтардың құндылықтарын түсінуге тырысты. Ойындар, әндер және билер арқылы балалар өздерінің Отанға деген махаббатын, еліміздегі халықтар достығына деген құрметтерін білдірді.
Іс-шараның міндеттері:
- Ата-аналар мен балалар арасындағы достық қарым-қатынасты қалыптастыру;
- Балаларды бір-біріне көмектесуге, адамдар арасындағы сыйластықты бағалауға үйрету;
- Әртүрлі ұлт өкілдеріне құрметпен қарауды тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Джанболатова Умутжан Аспандияровна
Музыкалық жетекші: Искакова Альбина Талгатовна