«Қарлығаш» мектепалды тобында «Түстер әлеміне саяхат» атты танымдық-сенсорлық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты — балалардың түстер туралы түсініктерін жетілдіру, оларды ажыратып айтуға үйрету, көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
- Балалардың түстерді ажыратып айту дағдыларын қалыптастыру;
- Көру арқылы есте сақтау қабілетін дамыту;
- Сенсорлық ойлау қабілетін жетілдіру;
- Ойын тапсырмалары арқылы түстерді ажырата білуге үйрету.
Сабақ барысында балалар түрлі-түсті ойындар мен тапсырмаларды орындап, түстерді тану және ажырату дағдыларын дамытты. Мысалы, «Түсін тап» ойыны арқылы балалар берілген түсті дұрыс табуға үйренді. Бұл ойындар балалардың сенсорлық қабылдауын және ұсақ моторикасын дамытуға ықпал етті.
Қазақ тілі мұғалімі: Каирова З.К.
Мұндай сабақтар балалардың танымдық қабілеттерін арттырып, мектепке дайындығын жақсартуға көмектеседі.