"Burabai Invest Co" жауапкершілігі шектеулі серіктестігірны
Товарищество с ограниченной ответственностью «Burabai Invest CO»

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлттың рухани байлығы — Кітап күні «Балақай» тобында

23.04.2025

2025 жылдың 23 сәуірінде Қазақстанда алғаш рет ресми түрде Ұлттық кітап күні атап өтілді. Бұл мереке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен енгізіліп, қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мен кітаптың маңыздылығын насихаттауға бағытталған.

Бұл ерекше күнде «Балақай» тобының тәрбиеленушілері кітап әлеміне саяхат жасап, сүйікті ертегілерін оқып, кейіпкерлермен танысты. Балалар кітаптың тек білім көзі ғана емес, сонымен қатар достық пен мейірімділікке үйрететін сенімді серік екенін түсінді.

Сабақ барысында балалар өздерінің шағын кітапшаларын жасап, сүйікті ертегілеріне суреттер салып, викториналарға қатысты. Мұндай шаралар балалардың оқу қызығушылығын арттырып, әдебиетке деген сүйіспеншілікті оятады.

Ұлттық кітап күні балалардың жүрегінде кітапқа деген махаббатты оятып, олардың рухани дамуына үлкен үлес қосты.

Балалар кітабы — маңызды құрал,  
Онда жасырынған сиқырлы жол.  
Ертегілермен танысып,  
Әлемді бірге аралайық.

Кітапты оқы, сүй, парақта,  
Бұл сенің жақсы әдетің болсын.  
Балалар кітабы — маңызды құрал,  
Онда сиқырлы сыр жасырынған.

Просмотров: 18

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст