«Ботақан» тобында аппликация сабағы: «Тышқан»
«Ботақан» тобында балалар қызықты аппликация сабағын өткізді. Тақырып — «Тышқан». Балалар шығармашылық жұмыспен айналыса отырып, жаңа әдістермен танысты және дағдыларын дамытты.
Сабақтың мақсаты:
Балаларға контур бойынша қиып алу дағдыларын бекіту және аппликацияны дұрыс орындауды үйрету.
Міндеттер:
- Балалардың контур бойынша фигураларды дұрыс қию дағдыларын бекіту, ұсақ моториканы дамыту.
- Түрлі пішіндерді қағаз бетіне дұрыс орналастыру және жапсыру әдістерімен таныстыру.
- Жұмыс орындау барысында балалардың сабырлылық пен ұқыптылық дағдыларын қалыптастыру.
Балалар өз тышқандарын жасай отырып, қарапайым, бірақ тиімді қағазбен жұмыс істеу әдістерін қолданды. Әр бала өз жұмысына шығармашылықпен қарап, өте ұқыпты және әдемі аппликация жасауда.
Тәрбиеші: Джанболатова Умутжан Аспандияровна