«Балдәурен» тобында «Сиқырлы тәжірибелер» — Бояулар мен алақандармен шығармашылық сабақ
«Балдәурен» тобында балаларға сиқырлы тәжірибе жасап, бояулармен және алақандарымен жұмыс жасау тапсырмасы берілді. Бояуларды араластырып, жаңа түстерді жасау балалардың қызығушылығын тудырды.
Заняттың мақсаты — балаларға екі бояуды араластырып, жаңа түс жасау әдісін үйрету. Бұл үшін үлкен бояулар палитрасы болудың қажеті жоқ, көптеген түстерді екі негізгі бояуды араластыру арқылы алуға болады.
Міндеттер:
- Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін және эксперимент жасау дағдыларын дамыту.
- Бояуларды араластыру арқылы жаңа түстер жасау дағдысын бекіту.
- Екі бояудан үшінші түс жасау сиқырына үйрету.
Тәжірибе үшін балаларға тек қана бояулар мен алақандар қажет болды! Нәтиже таңқаларлық болды — балалар өздерінің жаңа түстерін жасау арқылы сиқырлы сәттерге куә болды. Бұл сабақ балалардың түстермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға және қоршаған әлемді қабылдау қабілеттерін жақсартуға көмектесті.