🚗 «Жеңіл көлік» — «Құлыншақ» тобының шығармашылық сабағы
Тәрбиеші: Абдрахманова Жулдыз Ермековна
«Құлыншақ» тобында «Жеңіл көлік» тақырыбында қызықты жапсыру сабағы өтті. Балалар көлік түрлерімен танысып, дайын элементтерден жеңіл көлікті құрастыруды үйренді.
🌟 Сабақтың мақсаты — балаларды көлік түрлерімен таныстыру, оларды дайын бөлшектерден жеңіл көлік құрастыруға үйрету.
Сабақтың міндеттері:
1. Машинаның элементтерін парақтың ортасына дұрыс орналастыруды үйрету.
2. Клейді дұрыс қолдану дағдыларын нығайту.
3. Балалардың көзбен өлшеу, ұсақ моториканы және шығармашылық қиялды дамыту.
Сабақ барысында балалар көлік элементтерін құрастырып, ұсақ моторика мен шығармашылық қиялды дамытты. Клеймен жұмыс істеу және бөлшектерді параққа дұрыс орналастыру арқылы балалар жапсыру дағдыларын жетілдіріп, бөлшектерге назар аударуды үйренді.