🎨 «Ботақан» тобында сурет сабағы: «Ұл балаларға арналған киім»
Тәрбиеші: Джанболатова Умутжан Аспандияровна
«Ботақан» тобында «Ұл балаларға арналған киім» тақырыбы бойынша қызықты және шығармашылық сабақ өтті. Бұл сабақ балалардың шығармашылық қиялын, өзін-өзі білдіру қабілетін дамытуға бағытталған. Балалар сурет салу арқылы киімдердің түрлі стилдерімен танысып, өздерінің көркемдік түсініктерін көрсетті.
🌟 Сабақтың мақсаты — балалардың шығармашылық ойлау қабілетін, креативтілігін және өзін-өзі білдіру дағдыларын дамыту.
Сабақтың міндеттері:
1. Балалардың бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерге қызығушылығын қалыптастыру, олар арқылы айналадағы дүниені бейнелеу қабілетін дамыту.
2. Қағаз қуыршақтары туралы білімдерін тереңдету.
3. Ұл балалардың киім стильдерінің ерекшеліктерімен танысып, олардың ұқсастықтарын зерттеу.
Балалар өз идеяларын қағазға түсіріп, сәнді киімдер мен түрлі аксессуарларды сурет салу арқылы шығармашылық жұмыстарын көрсетті. Сабақ барысында балалар өз өнерін көрсете отырып, бір-бірімен пікірлерін бөлісіп, жаңа білімдер мен дағдыларды меңгерді.