«Сәулетай» тобында «Ойнай отырып үйренеміз» үйірмесі
Тақырып: «Түстерді сәйкестендіру»
Қосымша білім беру педагогы: Ибраева Н.Н.
«Сәулетай» тобында «Ойнай отырып үйренеміз» үйірмесінің аясында балалар түстерді сәйкестендіру бойынша тапсырмаларды орындады.
Балалар түстерді ажыратып, оларды дұрыс атай білуге үйреніп, түстерді үйлестіру және орналастыру бойынша тапсырмаларды орындады. Бұл сабақ балалардың назарын, зейінін және танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталды.
🌈 Сабақтың мақсаты — балалардың түстерді қабылдау қабілетін дамыту, заттарды түстеріне қарай салыстырып, топтастыру дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын молайту.
Сабақ қызықты және танымды өтті, балалар түрлі түсті заттармен және материалдармен жұмыс істей отырып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті!