Текст
👩🏫 Тәрбиеші: Штеркель Татьяна Бернардасовна
«Қарлығаш» тобында математика сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы — «Таразы».
Сабақтың мақсаты — балаларды өлшеу құралы — таразымен таныстыру және заттардың массасы туралы алғашқы түсінік қалыптастыру.
Балалар тәжірибе арқылы заттарды салыстырып, «ауыр» және «жеңіл» ұғымдарын бекітті. Түрлі заттарды таразыға салып, олардың салмағын өлшеп, салыстырмалы қорытындылар жасады.
Сабақ балалардың зейінін, логикалық ойлауын, сөйлеу белсенділігін және математикаға деген қызығушылығын арттырды.
Кішкентайлар жаңа білімге құштарлық танытып, белсенділік көрсетті!