"Burabai Invest Co" жауапкершілігі шектеулі серіктестігірны
Товарищество с ограниченной ответственностью «Burabai Invest CO»

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мен Ғарышкер боламын!» «Айналайын» мектепалды тобының жұлдызды сапары

12.04.2025

Ғарышкерлер күніне орай «Айналайын» мектепалды тобында ерекше мерекелік сабақ ұйымдастырылды.  
Балалар әсем безендірілген топ бөлмесінде ғарыш әлеміне саяхат жасады. Олар ғарышкерлер жайлы тақпақтар айтып, ән шырқап, би биледі.  

Сабақ барысында тәрбиеші Дулатова Жанна Шыныбекқызы балаларға ғарыш туралы түсінік беріп, Қазақстанның батыр ғарышкерлері — Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов туралы қызықты мәліметтермен бөлісті.

🔹 Мақсат: Балалардың ғарышқа деген қызығушылығын ояту, жаңа сөздермен таныстырып, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін және қиялын дамыту.  
🔹 Ұраны: «Мен ғарышкер боламын!» — деп әр бала үлкен армандарға қанат қақты!

Бұл күн кішкентайларға шабыт пен қуаныш сыйлады. Олар өздерін нағыз ғарышкерлердей сезініп, армандарға сенуді үйренді. 🌟🚀

Просмотров: 115


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст