«Балдәурен» тобының балаларын Ғарышкерлер күні ерекше әсерлі өткізілді.
👩🏫 Тәрбиеші: Камалова Амина Ханифовна
🔹 Мақсат:
Балалардың ғарыш әлемі, ғарышкер мамандығы туралы білімдерін кеңейту. Ғарыш туралы түсініктерін нақтылау, космонавтика тарихымен таныстыру, планеталар туралы алғашқы білім қалыптастыру.
🔹 Міндеттер:
- Ғарыш әлемі, космонавтика тарихы жайлы білімдерін арттыру
- Балаларды ғарышқа деген қызығушылыққа жетелеу
- Сөздік қорларын белсендіру, логикалық ойлау қабілетін дамыту
- Балалардың қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұсақ моториканы жетілдіру
- Патриоттық сезімді қалыптастыру, туған жерге деген мақтаныш сезімін ояту
Сабақ барысында балалар ғарыш туралы қызықты мәліметтерді меңгеріп, шығармашылық тапсырмалар орындап, ғарыш әлеміне саяхат жасады. 🌌🧑🚀