Текст
Алғашқы ғарышкер Юрий Гагариннің ерлігіне арналған Ғарышкерлер күніне орай «Көбелек» даярлық тобы танымдық сабақ өткізді.
👩🏫 Тәрбиеші: Хасанова Д.С.
🔭 Мақсат:
Балалардың ғарыш және ғарышкер мамандығы туралы түсініктерін кеңейту, қызығушылықтарын ояту, сөздік қорларын байыту.
🔹 Ғарыш туралы білімдерін нақтылау
🔹 Ғарышкерлік тарихымен таныстыру
🔹 Планеталар туралы алғашқы түсінік беру
🔹 Сөздік қорын дамыту
🔹 Ғарышқа қызығушылықты арттыру
Сабақ барысында балалар зымырандар, ғарышкерлер, планеталар туралы мағлұматтар алып, сұрақ-жауап, ойын элементтері арқылы өз білімдерін көрсетті.