"Burabai Invest Co" жауапкершілігі шектеулі серіктестігірны
Товарищество с ограниченной ответственностью «Burabai Invest CO»

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ғарышкерлер күні» — «Балапан» тобының танымдық шарасы

12.04.2025

 «Балапан» мектепалды  тобында  балаларымен Седельникова Елена Анатольевна өткізген «Ғарышкерлер күні» тақырыбындағы іс-шара балғындар үшін есте қаларлық әсерге толы болды.

🔭 Мақсаты:  
Балалардың ғарыш туралы түсініктерін нақтылау және жүйелеу.

🌟 Міндеттері:

🔹 Дамытушылық:  
- Балалардың танымдық қызығушылығын арттыру;  
- «Ғарыш» тақырыбына байланысты сөздік қорын байыту;  
- Шығармашылық қиялын, елестету қабілетін дамыту;  
- Қозғалыс белсенділігі мен ойынға қызығушылығын арттыру;  
- Билеу мен ойын қозғалыстарында импровизацияға жетелеу.

🔹 Оқыту:  
- Балалардың дүниетанымын кеңейту;  
- Ғарыштық құбылыстар туралы білімдерін бекіту;  
- Қазақстандық ғарышкерлермен таныстыру.

🔹 Тәрбиелеу:  
- Табыс сезімін сыйлау;  
- Жауапкершілік пен өзара көмекті дамыту;  
- Мерекелік көңіл-күй туғызу;  
- Қазақстан ғылымының жетістіктеріне, батыр азаматтарына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Балалар жұлдыздар әлеміне саяхат жасап, шығармашылықпен өз ғарыштарын бейнелеп, ойын-би арқылы ғарыш тақырыбын жан-жақты зерттеді.

Просмотров: 22


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст