Текст
Көктемнің шуақты сәттерімен келген Наурыз мейрамы «Балдәурен» тобы үшін ерекше көңіл-күймен өтті.
Мерекені ұйымдастырған:
👩🏫 Тәрбиеші — Камалова Амина Ханифовна
🎵 Музыка жетекшісі — Искакова Альбина Талғатқызы
Шара барысында балалар ұлттық киімдер киіп, ән шырқап, би билеп, салт-дәстүрімізге қатысты көріністер көрсетті. Наурыз көже, бата беру, ұлттық ойындар — барлығы шынайы ұлттық рухта өтті. Іс-шара балалардың танымдық деңгейін кеңейтіп, Отанға, салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігін арттырды.