Текст
«Балақай» ересек тобы үшін дене тәрбиесі сабағы қызықты әрі мазмұнды өтті.
Сабақты өткізген: Цыганков Дмитрий Александрович
🔹 Мақсаты:
Балалардың ептілігін, зейінін, қозғалыс координациясын, батылдықты дамыту; кеңістікте дұрыс бағдар жасап, ойын ережесін сақтауға үйрету.
🔹 Міндеттері:
- Ұжымдық және қозғалмалы ойындарға қатысу дағдыларын бекіту;
- Бір-бірімен соқтығыспай, шашыраңқы жүгіруді жалғастыру;
- Физикалық және психофизикалық қасиеттерді: жылдамдық, ептілік, үйлесімділік қабілетін жетілдіру;
- Зейінділікті дамыту;
- Мейірімділік пен достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Балалар сергектік пен көтеріңкі көңіл-күйде түрлі жаттығулар орындап, ой арқылы дене қозғалыстарын жетілдірді.