Текст
«Нұрай» бөбекжайында патриоттық және мәдени тәрбиелеу аясында қазақ халық ертегісі «Сараң бай мен Алдар Көсе» қойылымы сахналанды.
Басты кейіпкер — кедейлердің қамқоршысы, тапқыр да әділ Алдар Көсені Жанболатова Ұмутжан Аспандияровна сомдаса, сараң байдың рөлін Абдрахманова Жұлдыз Ермековна орындады. Қойылымның бейнежазбасын түсіріп, өңдеген — Искакова Альбина Талғатқызы.
Алдар Көсе — халық даналығының символы. Ол әділдік үшін күресіп, байлардың сараңдығын әшкерелейді. Қойылым арқылы балалар әділдік, тапқырлық пен мейірімділікке баулынады.
📽️ Қойылымды мына сілтеме арқылы көре аласыз:
🔗 [Инстаграмдағы бейне](https://www.instagram.com/y_s_nurai_/reel/DH6L5ZbIgO6/)