2025 жылы Қазақстанда 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау eGov.kz электрондық порталы арқылы жүзеге асырылады. Өтініштерді қабылдау мерзімі – 1 сәуірден 31 тамызға дейін.
👧🧒 Жасы: 1-сыныпқа ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.
📌 Артықшылықтары:
- Тестілеу және конкурссыз қабылдау;
- Қызмет ақысыз;
- Өтініш беру оңай және жылдам.
📄 Қажетті құжаттар:
1. Ата-ананың (немесе заңды өкілінің) электронды өтініші;
2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3. Медициналық анықтамалар:
- № 065/у (екпелер картасы);
- № 052-2/у (денсаулық паспорты);
4. 3×4 см көлеміндегі баланың цифрлық фотосуреті.
‼️ Құжат қабылдаудан бас тарту себептері:
- Қате немесе жалған ақпарат;
- Құжаттардың талаптарға сәйкес келмеуі;
- Таңдалған мектепте орын болмауы.
Ата-аналарға барлық құжаттарды алдын ала дайындап, белгіленген мерзімде өтініш беру ұсынылады.