Текст
«Бауырсақ - PARTY» «Балапан» мектепалды тобында
Наурыз мерекесіне арналған қызықты «Бауырсақ - PARTY» челленджі аясында «Балапан» мектепалды тобының тәрбиеленушісі — Кушнарева Милана — белсене қатысып, қазақ халқының салт-дәстүрін қуана паш етті.
Балалар ата-аналарымен бірге бауырсақ пісіріп, дастархан жайып, ұлттық тағам арқылы Наурыздың шынайы рухын жеткізуде.