Текст
Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар аясында «Нұрай» бөбекжайында «Қазақшаң қалай?» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқаудың мақсаты — бүлдіршіндердің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, көркем сөйлеу қабілеттерін дамыту, қазақ халқының тілі мен салт-дәстүріне деген құрметті тәрбиелеу.
Байқауға қатысқан мектепалды топ тәрбиеленушілері:
🔹 «Қарлығаш» тобы: Смирнова Алиса
🔹 «Айналайын» тобы: Қайрат Мерей, Шайзат Ибраһим, Өсербай Раяна
🔹 «Көбелек» тобы: Шевченко София
Балалар жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқып, тыңдаушылардың ыстық ықыласына бөленді. Барлық қатысушылар белсенділігі мен дайындықтары үшін марапатталды.
Байқауды ұйымдастырған — қазақ тілі пәнінің мұғалімі Каирова Зауреш Камидулловна.