Наурыз – көктемнің, ізгіліктің, бірліктің және ұлттық құндылықтардың мерекесі! Осы орайда "Нұрай" бөбекжай-балабақшасында ерекше әрі дәмді жоба — «Бауырсақ PARTY» атты челлендж бастау алды!
💫 Бүгін біз сіздерді ерекше шеберлігімен көзге түскен Қайырбек Аланмен таныстырғымыз келеді! Алан мен оның отбасы шынайы ұлттық рухты сезініп, бауырсақ дайындаудың қызықты процесін қуана бөлісті.
🫓 Шыңдалған қамыр, алтын түстес бауырсақтар, көтеріңкі көңіл-күй — бәрі осы челлендждің шынайы символына айналды.
🎯 Челлендждің мақсаты:
- Балаларды ұлттық тағамдармен таныстыру;
- Отбасы мүшелерінің бірлігін нығайту;
- Ұлттық салт-дәстүрлерге деген сүйіспеншілікті арттыру;
- Шығармашылық қабілеттерді дамыту.
📸 Қызықты сәттер мен видео үзінділерді біздің Instagram парақшамыздан көріңіздер: https://www.instagram.com/p/DHdjWkTstl-yWzpqn11keColU-KBS66ch3H32E0/?hl=ru