"Burabai Invest Co" жауапкершілігі шектеулі серіктестігірны
Товарищество с ограниченной ответственностью «Burabai Invest CO»

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

18 наурыз – Ұлттық киімдер күні, Наурыз мейрамы аясында атап өтілетін ерекше күн. Бұл мереке халқымыздың бай мәдени мұрасын, салт-дәстүрін, ұлттық болмысын насихаттауға бағытталған.

18.03.2025

Ұлттық киімдер – қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің айнасы. Олар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан салт-дәстүрлерімізді, ұлттық болмысымызды сақтап, насихаттаймыз.

Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, мектептер мен балабақшаларда ұлттық киімдер шеруі, сән көрсетілімдері, шеберлік сағаттары өткізіледі. Балалар мен жастар ұлттық киімдердің ерекшеліктерімен танысып, олардың маңыздылығын түсінеді.

Ұлттық киімдер күні – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңіріп, олардың бойында отансүйгіштік, патриоттық сезімдерді қалыптастыруға бағытталған маңызды мереке.

Ұлттық киімдер күні құтты болсын! Ұлтымыздың ұлы мұрасын ұлықтап, рухани жаңғыру жолында бірлесіп еңбек ете берейік!

Просмотров: 39


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст