Текст
«Балауса» ортаңғы тобында қазақ тілі сабағында балалармен «Көлеңкесін тап» және «Танып ал да, атын ата» ойындары арқылы азық-түліктің түрлерімен таныстыру сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты — балалардың сөздік қорларын байыту, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту, тән әріптерді сауатты айтуға машықтандыру.
Балалар азық-түліктің көлеңкелері арқылы олардың атауларын анықтап, сөйлемдер құрап үйренді. Ойын түрінде өткен сабақ балалардың қызығушылығын арттырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға үлкен септігін тигізді.
Тәрбиелік маңызы зор бұл сабақта балалар тек тілдік білім алып қана қоймай, азық-түліктің маңызы туралы да түсінік алды.
📚 Қазақ тілі мұғалімі: Каирова Зауреш Камидулловна