Ересек топ «Балдәурен» тобында балалардың жеке қауіпсіздігіне арналған маңызды сабақ өткізілді. Балалар бейтаныс адамдармен кездескенде, оларды қалай дұрыс тану керектігін және қауіпті жағдайларда қалай әрекет ету керек екенін білді.
Сабақтың мақсаты – балаларды қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, олардың жеке қауіпсіздік туралы түсініктерін кеңейту және осы ережелерді өмірде дұрыс қолдануға үйрету.
Сабақтың міндеттері:
1. Білім беру: Балалардың қауіпсіздікке байланысты қауіпті жағдайларды түсінуі және осындай жағдайларда қалай әрекет ету керектігін үйрету.
2. Дамыту: Балалардың сақтық пен абай болуды қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Балаларға қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету қабілеттерін дамыту.
Сабақта балаларға түрлі рөлдік ойындар мен мысалдар арқылы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Олар бейтаныс адамдармен сөйлеспеуді, көліктерге отырмауды, өз қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ету керектігін үйренді.
Тәрбиеші: Камалова Амина Ханифовна