Текст
"Көбелек" мектепалды тобында «Бейтаныс адамдармен лифтке және подъезге кірме!» атты қауіпсіздік сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты – балалардың өмір қауіпсіздігінің негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Балаларға қауіпті болуы мүмкін заттар және жағдайлар туралы түсінік беріліп, қандай жағдайда қалай әрекет ету керектігі түсіндірілді.
Балаларға экстремалды жағдайларда сабырлы болуды, үрейге бой алдырмауды және өзін-өзі қорғау жолдарын үйрету көзделді.
Сабақ барысында балалардың жауапкершілік, қауіпсіздік және өзін-өзі сақтау дағдылары тәрбиеленді.
Тәрбиеші: Кузьменко Мария Константиновна