Текст
"Айналайын" мектепалды тобында "Балалардың қауіпсіздігі" атты тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты – балалардың қауіпсіздік туралы түсініктерін кеңейту және әртүрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйрету.
Сабақ барысында балаларға бөтен адамға есікті не үшін ашуға болмайтыны жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, балалардың ойын анықтау, білімдерін тереңдету және қиын жағдайда үлкендердің көмегіне сүйене алу қабілеттерін дамыту көзделді.
Балалар белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірді.
Тәрбиеші: Дулатова Жанна Шыныбековна