Текст
"Ботақан" ересек тобында «Үйде жалғыз қалғанда қауіпсіздік сақтау» тақырыбында маңызды сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты — балаларға тұрмыста кездесетін қауіпті заттар туралы түсінік беру, олардың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру және оларды дұрыс қолдану ережелерін үйрету.
Балалар электр құрылғылары, өткір және ыстық заттар сияқты тұрмыстық қауіптер туралы білімдерін толықтырды және қиын жағдайда өзін қалай ұстау керектігін үйренді.
Бұл сабақ балалардың қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
Тәрбиеші: Джанболатова Умутжан Аспандияровна