26.02.2025
"Балақай" ересек тобында «Назар аударыңыз — бейтаныс!» тақырыбында балалардың жеке қауіпсіздігіне арналған маңызды сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты — балаларға бейтаныс адамдармен кездесу кезінде қауіпсіздік ережелерін үйрету.
Балалар сабақ барысында қауіпті жағдайларды анықтауды үйреніп, сақтық пен мұқият болу сезімдерін дамытты.
Сондай-ақ, ерекше көңіл бөлінгені — балалардың қиын жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын тәрбиелеу болды.
Мұндай сабақтар балалардың өзін қоршаған ортада сенімді әрі қауіпсіз сезінуіне көмектеседі.
Тәрбиеші: Соловьёва Мария Евгеньевна