Текст
"Айналайын" мектепалды тобы: Буын тақырыбын меңгеру
"Буын" тақырыбы аясында балалардың тілдік білімін кеңейту жұмысы жүргізілді. Жазбаша тапсырмаларды жүйелі әрі тиянақты орындау арқылы тәрбиеленушілердің ойлау қабілеті, зейіні мен жазу дағдылары дамытылды. Сабақ барысында балалар буынға бөліп оқу, дыбыстық талдау жасау және сөз құрастыру бойынша қызықты жаттығулар орындады.
Мақсат – балалардың тілдік қорын байытып, буындық құрылымды дұрыс меңгеруге бағыттау.
Тәрбиеші: Дулатова Жанна Шыныбекқызы