Текст
«Құлыншақ» ортаңғы тобында «Қоңыз» тақырыбында жапсыру сабағы өтті.
Балалар түрлі-түсті қағаздармен жұмыс жасап, өз қолдарымен қоңыз бейнесін құрастырды.
Сабақ барысында балалардың ұсақ моторикасы, қиялы мен ұқыптылығы дамыды. Сонымен қатар шығармашылық қабілеттерін де көрсете білді.
Сабақ қызықты өлең шумағымен толықты:
> *Қоңыз, қоңыз, көкке ұш,
> Дәмді наннан әкел күш.
> Қара, ақ нан болсын тек,
> Күйген нанды әкелме тек!*