23.02.2025
«Ботақан» ересек тобында «Ойнап үйренеміз» үйірмесінде ұсақ моториканы дамытуға арналған қызықты сабақ өтті. Балалар арнайы жаттығулар мен ойын тапсырмалары арқылы саусақтарының қозғалысын жақсартып, ептілік пен назарларын дамытты.
🔸 Мақсаты – балалардың ұсақ моторикасын, қозғалыс үйлесімділігін және зейінін дамыту, сондай-ақ табандылық пен шығармашылық қабілеттерін арттыру.
✨ Мұндай сабақтар балалардың сөйлеу, жазу дағдыларының қалыптасуына оң әсер етіп, жалпы даму деңгейін арттырады.
Қосымша білім беру педагогы: Ибраева Н.Н.