Текст
«Балақай» ересек тобында қазақ тілін үйренуге бағытталған «Қазақша сөйлейік» үйірмесі аясында «Дүкен» сюжетті-рөлдік ойыны ұйымдастырылды.
Балалар дүкендегі қызмет түрлерімен танысып, сатушы мен сатып алушының рөлін ойнау арқылы қарым-қатынас жасау машықтарын дамытты.
🔹 Сабақтың міндеттері:
- Дүкен қызметін қолдануды үйретіп, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
- Сұраулы сөйлемдер құрастырып, сөйлеу тілін жетілдіру.
- Сатушы еңбегін құрметтеп, ойынға деген қызығушылықты арттыру.
Ойын арқылы балалар өз білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік алды. Бұл тілдік қорды кеңейтіп қана қоймай, коммуникативтік қабілеттерін де дамытты.
Қазақ тілі мұғалімі: Каирова Зауреш Камидулловна