Текст
«Сәулетай» тобында «Күз» мерекесі
«Сәулетай» тобында күз мерекесі өткізілді. Балалар мен тәрбиешілер бірге бұл ғажайып, әдемі мезгілді әндер, ойындар мен билермен қарсы алды. Тәрбиешілер Брозе Надежда Евгеньевна мен Кузьменко Мария Константиновна және музыкалық жетекші Искакова Альбина Талгатовна балалар үшін қызықты іс-шаралар ұйымдастырып, оларды күздің сиқырлы көңіл-күйімен таныстырды.
Күз мерекесі — бұл тек табиғаттың тамаша кезеңімен танысу ғана емес, сонымен қатар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғат құбылыстарымен танысу және оны қорғаудың маңыздылығын түсіну үшін керемет мүмкіндік болды.