Текст
Күз — табиғаттың алтын түске оранған кезі, жаңа сезімдер мен әдемі естеліктердің бастамасы. Нұрай бөбекжайының "Көбелек" мектепалды тобында осы тамаша мезгілді қарсы алу үшін мерекелік таңертеңгілік өтті.
«Алтын күз бізге қонаққа келді» тақырыбындағы таңертеңгілік балалардың көңілін көтеріп, оларды күзгі табиғатпен таныстырды. Қатысушылар, тәрбиешісі Хасанова Динара Сериковна мен музыкалық жетекші Искакова Альбина Талгатовна, балаларға күз мезгілінің әсемдігі мен табиғаттың құпияларын үйретуге тырысты.
Таңертеңгілік барысында балалар ән айтып, би билеп, түрлі ойындар арқылы күзгі тақырыпты ерекше атап өтті. Бұл іс-шара балаларға жаңа білім мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.