"Burabai Invest Co" жауапкершілігі шектеулі серіктестігірны
Товарищество с ограниченной ответственностью «Burabai Invest CO»

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Алтын күздің әсем сәттері: «Айналайын» тобының күзгі мерекесі"

01.04.2025

«Нұрай» балабақшасының «Айналайын» мектепалды тобында өткен «Алтын күз» мерекесі ерекше есте қалды. Бұл мереке балаларға күздің сұлулығын, табиғаттың өзгерістерін, сондай-ақ осы маусымның сыйы болған жеміс-жидектер мен жапырақтардың әсемдігін көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін паш етіп, күздің әсемдігін өлеңдер мен әндер арқылы жеткізді. Олардың орындауындағы әндер мен жыр жолдары «Алтын күз» мерекесін ерекше жан-жағын қырынан көрсетіп, күздің қызғылт, сары түстерін тек қағаз бетіне ғана емес, жүректерге де сіңірді.

Тәрбиеші Жанна Шыныбекқызы мен музыкалық жетекші Альбина Талгатовна балаларды күздің әсемдігімен таныстырып, оларға күздің барлық сұлуын әсем әндермен жеткізуге көмектесті. Балалар өз өнерлерімен ата-аналары мен мұғалімдеріне ерекше әсер қалдырып, алғыстар мен ризашылықтарды естіді.

Әсем күздің атмосферасын толықтай қамтыған бұл мереке балалардың рухани дамуына, өз шығармашылығын білдіруіне ықпал етіп, қиялдарын шарықтатып, күлімсіреген жүздермен үйлесімділік пен қуаныш сыйлады.

Просмотров: 28

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст