«Көбелек» мектепалды тобында балалар қағаздан ұшақ үлгісін жасауға үйренді. Бұл сабақ балаларға шығармашылық және құрастыру дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Міндеттер:
1. Балаларға қағаздан ұшақ жасауға үйрету — балалар қағазды дұрыс бүктеу арқылы ұшақтың қарапайым үлгісін жасауға үйренді, бұл олардың кеңістікті түсіну дағдыларын дамытады.
2. Схема бойынша жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру — балалар схема бойынша әрекет ете отырып, логикалық ойлау мен назарын жақсартты.
3. Мелкая моториканы дамыту — қағазды бүктеп, модель жасауда балалар қолдарының ұсақ моторикасын және үйлесімділігін жақсартты.
4. Қағазды диагональ бойынша бүктеуді үйрену — балалар қағазды дәл әрі мұқият бүктеуді үйреніп, сол арқылы өздерінің қол икемділігін арттырды.
5. Шығармашылық қабілеттерді дамыту — балалар өздерінің қиялдары мен шығармашылығын көрсетіп, өзін-өзі таныту мүмкіндігін алды.
Бұл сабақ балалардың тек моторикасын ғана емес, сондай-ақ өзін-өзі сенімділікпен көрсету қабілеттерін де дамытты. Әрі олар схемалар бойынша жұмыс істей отырып, оқу процесіне қызығушылық танытуда.