«Burabai Invest Co»ЖШС «Нұрай» бөбекжайында «Айналайын»мектепалды тобының орындауында «Ана тілі» әні шырқалды. Бұл іс-шара балалар мен педагогтар үшін өте маңызды әрі әсерлі болды.
«Ана тілі» әні – өз ана тілін сүю мен құрметтеудің символы. Әннің музыкасын танымал композитор Сакен Шынымов жазған, ал сөздерін белгілі ақын Е. Абдулла жазған. Бұл ән балаларға өз ана тілінің маңыздылығын, оның байлығы мен құндылығын түсіндіруге көмектеседі.
«Нұрай» бөбекжайында бұл әннің орындалуы тек музыкалық қана емес, білім беру тұрғысынан да маңызды шара болды. Бұл іс-шара балалардың ұлттық мәдениетке, ана тілін сақтауға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезім…
«Нұрай» бөбекжайында балалардың ана тілін қадірлеу мен ұлттық құндылықтарды сақтау білім беру процесінің негізгі бөлігі болып табылады. Әр күні тәрбиеленушілерге қызықты әрі пайдалы іс-шаралар ұсынылып, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізеді.