"Burabai Invest Co" жауапкершілігі шектеулі серіктестігірны
Товарищество с ограниченной ответственностью «Burabai Invest CO»

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көбелек» мектеп алды тобының балаларымен «Дыбыстар әлемі» тақырыбына арналған сауат ашу сабағы өтті

01.04.2025

«Көбелек» мектеп алды тобының балаларымен «Дыбыстар әлемі» тақырыбына арналған сауат ашу сабағы өтті. Бұл сабақта балаларға дауысты дыбыстарды дұрыс айту мен ажыратуды үйрету мақсаты көзделді. Сабақ барысында балалардың фонематикалық есту қабілеттері мен назарын дамытуға, сондай-ақ ұсақ қол моторикасын жетілдіруге бағытталған түрлі жаттығулар мен графикалық жұмыстар өткізілді.

Балаларға сөздерді белгілі бір дыбысқа сәйкестендіру, дыбыстарды дауыстап айта білу және оларды тыңдап ажырату дағдыларын дамыту жаттығулар арқылы жүзеге асты. Мұндай сабақтар балалардың сөйлеу дағдыларын жақсартып қана қоймай, оларды өзіндік жұмыс жасауға, тәртіпті әрі мұқият болуға тәрбиелейді. 

Сабақ барысында балалардың қызығушылығы мен белсенділігі жоғары болды. Ойын түрінде өтетін сабақтар олар үшін әрі пайдалы, әрі қызықты болды.

Просмотров: 3


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст